Өңірлерде өртке қарсы күрес күші құрылды
Әр өңірде өртке қарсы күрес күші құрылды. Оған ел бойынша шамамен 50 мың адам мен 10 мыңнан астам техника тартылған. Үкіметте өрт қаупі жоғары маусымға дайындық барысы пысықталды.Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың сөзінше, Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Әуеден барлауға 120 дрон аппараты бар. Ертеңнен бастап, 16 мамырға дейін барлық аймақта «Өрт – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі. Қазір орманды дала алқаптары мен демалыс орындарында мобильді топтар рейд жүргізіп жатыр. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 630 адамға айыппұл салынды.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06