Алматыда резеңке-асфальтбетон қоспасы тәжірибе ретінде жолдарға төселіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда резеңке-асфальтбетон қоспасы тәжірибе ретінде жолдарға төселіп жатыр

28.06.2019

Алматыда резеңке-асфальтбетон қоспасы тәжірибе ретінде жолдарға төселіп жатыр. Мұндай жол бірер жыл бұрын Көкшетау-Омбы тас жолын салу кезінде пайдаланылған.

 

Мамандардың айтуынша, мұндай жолдар жарылмайды, су өткізбейді, тығыз, әрі автокөліктің жүруіне де ыңғайлы. Жылдамдықты азайту да оңтайлы болатындығын тәжірибе көрсеткен. «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» резеңке үгінділерін жол құрылысына шикізат ретінде пайдалануды ғылыми тұрғыдан зерттеп, зерделеген. Соның нәтижесінде, аталған қоспаның құжаты да жасалды. Енді жол құрылысына тозған шиналардың үгінділерін пайдалануға да кепілдік беріліпті.

 

Ғалия Исмаилова, «Қазжол  ҒЗИ» жол құрылымдары және материалдары департаментінің директоры:

 

Жыл сайын елімізде 80 мың тоннаға жуық автокөлік дөңгелектері жиналады. Соның 40 пайызға ғана қайта өңделеді. Ал қалғаны әр жерде ауаны ластап, шашылып жатыр. Дөңгелектердің жол құрылысына таптырмайтын материал екендігін халықаралық тәжірибе мен бүгінгі зерттеу қорытындысы көрсетіп отыр.

 

Нұрхан Нұрланұлы

 

Хабарламаларға жазылу