Алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады
Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жылу жинау жалғасып жатыр. Небәрі үш күнде 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Қабылдау пунктіне тұрғындар жолға жарамды, бұзылмайтын азық-түлік, киім-кешек, төсек орындар мен гигиеналық заттар, резеңке аяқ киімдер және тағы басқа қажетті заттарды әкелген. Гуманитарлық көмек әуе жолы арқылы ертең Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына жөнелтілмек. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты. Еске салайық, қабылдау пункіті Байтұрсынов көшесі 22-ші үй, мекенжайы бойынша таңғы сағат 10:00-ден, кешкі 19:00-ге дейін қабылдап жатыр.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04