Енді «Сергек» камералары республикалық маңызы бар жолдарға да орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді «Сергек» камералары республикалық маңызы бар жолдарға да орнатылады

14.12.2020

Келер жылы елімізде ақылы жолдарға 5 800 шақырым жол қосылады. Ал 2024 жылы тағы 11 мың километр жол ақылы болады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы мәлімдеді. Түскен қаржы учаскелерді күтіп ұстауға жұмсалады. Әзірге елімізде 682 шақырым ақылы жол бар.

Сонымен қатар, күре жолдарға «Сергек» камералары орнатылып жатыр. Кешенді шаралар алдағы көктемде аяқталады. Ал Алматыдағы «Алтын орда» жолының 10 жолағы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бірақ жоба толығымен 2021 жылы аяқталады.

Ұлан Әліпов «QazАvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасы: 
Жобаны биыл аяқтаймыз деп жоспарлағанбыз. Жол облыс пен қала шекарасында орналасқан. Карантин кезінде бұл жерге блокпостар қойылып, жұмыс істеуге рұқсат етілмеді. Сол себепті біраз кідіріп қалдық. 

Сонымен қатар, келер жылы жөндеуден өткен республикалық жолдарды сапалы интернет желісімен қамту қолға алынбақшы. Бұл бағыттағы жұмыстар тәжірибе ретінде алдымен Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолында жүргізіледі. 

Дарын Сағитов

ақылы жол сергек ҚазАвтоЖол

Хабарламаларға жазылу