Бүгін – халықаралық әкелер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – халықаралық әкелер күні

14.06.2019

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы кеңсесі мерекеге орай арнайы жиын өткізді.

Әкелер күні әлемнің 80-нен астам елінде кең ауқымда тойланады. Қазақстанда енді қолға алынып жатыр.

Жиынға қатысқан мамандардың айтуынша, отбасы институтын қалыптастыру, бала тәрбиесіне әкелердің араласуына мүмкіндік жасау өте маңызды. Бұл бүлдіршіндердің мінез-құлқы мен өмірлік ұстанымын қалыптастыру үшін өте маңызды. Тіпті, ажырасу деректерінің азаюына да көмектеседі,- деп отыр олар.

Артур Ван Дизен, БҰҰ балалар қорының өкілі:

Қазақстандағы әкелердің 6,6 пайызы ғана бала тәрбиесіне көңіл бөледі екен. Бұл өте нашар көрсеткіш. Өзгесі өздерін жұмысбасты санайды. Біз жүргізген зерттеу бойынша, отағасы күніне кемінде 15 минут, әйтпесе, одан көп уақытты балаларымен өткізсе, оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Әсіресе, әке тәрбиесін көрген ер балалар өмірдің кез келген сынағына дайын болып өседі.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу