Елімізде «Су және денсаулық» халықаралық хаттамасы қабылданғалы жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Су және денсаулық» халықаралық хаттамасы қабылданғалы жатыр

14.06.2019

Әзірге мұндай келісіммен 40 мемлекет жұмыс жүргізуде. Хаттамаға сәйкес судың сапасы айдыннан бастап үйдегі шүмектен ағатын аралыққа дейін жіті тексеріледі. Ал мұндай жауапкершілікке біздің тарап бастапқыда дайын болмаған соң бас тартқан. Себебі, мәмілені бекіту үшін тиісті нормалар мен талаптар сынынан өтуі тиіс.

Сондай-ақ, еліміз бірінші болып Қытаймен суды теңдей бөлуге қол жеткізілгендігін мәлімдеді.

Ал Ресей, Қырғызстан және Орталық Азиямен ондай келісім көптен бар. Жалпы Қазақстанмен байланысты трансшекаралық өзендер саны 50-ден асады. Еурокомиссия өкілдерімен өткен кездесуде су тапшылығы және тазалығы жайлы сөз болды. Нұсқаулар мен ұсыныстар тыңдалды.

Мүсілім Жиенбаев, ҚР АШМ трансшекаралық өзендер департаменті басқармасының басшысы:

Әр мемлекет өзінің белгілі бір пайда табу көздері болады. Энергетика өндіру керек. Энергетика өндіру мен суармалы жер арасында аздаған сәйкессіздік болады.

Өйткені, энергетика ол қыстыгүгні керек болады, ал бізге жаздыгүні. Міне, осы мәселені шешуде үкімет аралық деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Белгілі бір құжаттарға қол қойылып, жылдан-жылға бұл мәселе шешілуде. Бірақ бұл мәселені әр жыл сайын емес, ұзақ мерзімді шешуді көздейміз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу