Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасының жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасының жобасы талқыланды

13.01.2017
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында енді жыл сайын елімізде 40 мың отбасы жеке баспанаға ие болады. Оның 10 мыңы қалалы жерлерде салынса, қалған 30 мыңы ауылдарда тұрғызылады. «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысындағы мүшелерімен кездескен Мәжілістің бір топ депутаты, жаңадан қабылданғалы жатқан осы бағдарлама жобасының тиімділігін түсіндіріп берді.
Сондай-ақ, партия конференциясында саяси ұйым филиалының өткен жылғы атқарылған жұмыстары сараланды.


Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу