Буын ауруларын дер кезінде анықтау мыңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Буын ауруларын дер кезінде анықтау мыңызды

10.11.2022

Елімізде буын ауруының ең қауіпті түрі - асептикалық некрозды дер кезінде анықтауды қолға алу қажет. Бізде 25-35 жас аралығындағы жастарда жиі кездесетін кеселді емдеудің хаттамасы да жоқ. Соның салдарынан науқастар ауруды асқындырып, соңы мүгедектікке алып келеді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелер бүгін Алматыда өткен конференцияда талқыланды.

Мамандар дерттің бірнеше себебін атады. Олар: жарақат салдары, гормондарды ұзақ уақыт қолдану және ішімдік ішу. Республика бойынша мұндай сырқатқа шалдыққан науқастардың нақты саны да белгісіз. Сүйекті үгітіп, буындарды зақымдайтын ауруды тежеудің уақыты келді дейді отандық мамандар.

Райхан Баймұхамедова, Ревматология ауруларын емдейтін орталық басшысы:

Операция бір жағдайда жақсы өтеді, кейде енді әртүрлі болады ғой. Сол науқасқа егер де дер кезінде оны анықтап, зерттеп, емдесек, 1-2-сатысында буынды да сақтап қалуға болады, науқастың жұмысқа деген қабілетін сақтауға болады.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу