Ақтөбелік жалғызілікті анаға кәсіпкерлер пәтер сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік жалғызілікті анаға кәсіпкерлер пәтер сыйлады

07.06.2019

Ақтөбелік ананың қуанышы. Үш бала тәрбиелеп отырған Гүлден Әлиеваға айт мейрамында кәсіпкерлер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Жалғызілікті әйел бұған дейін жатақханадағы қуықтай бөлмені паналап келген. Үлкені Сәбира туғаннан мүгедек. Небәрі 30 жастағы Гүлден арбаға таңылған осы баласына қарайтындықтан, жұмыс істей алмайды. Отбасы мемлекеттен төленетін 71 мың теңге жәрдемақыға күн көріп отыр. Оған үйдің кілтін меценат Зинұр Мәйтеков табыстапты.

6 миллион теңгеге сатып алынған пәтердің құжаттары Гүлден Әлиеваның кіші баласының атына рәсімделген. Кәсіпкерлер енді баспананы жиһаздармен жабдықтауға қам жасап жатыр. Тағы бірі теледидар әкеліп беруге уәде етіпті.

Гүлден Әлиева, жалғызілікті ана:

- Әлі өз-өзіме келе алмай отырмын. Сене алар емеспін. Хан сарайына келгендей болып отырмын. Үлкен алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу