Әлеуметтік қамқорлық шаралары: Жұмыс тобы Қызылорда облысында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік қамқорлық шаралары: Жұмыс тобы Қызылорда облысында

09.04.2019

Елбасының Әлеуметтік қамқорлық шараларын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмыс тобының сапары Қызылорда облысында жалғасуда. Бүгін олар халықпен кездесіп, әлеуметтік бағдарламалардың барлық бағыттары бойынша азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Сыр еліне келген Үкімет өкілдері бірінші кезекте тұрғын үй құрылысымен танысты. Аймақта 10 мыңға жетеғабыл көпбалалы ана бар. Соның екі мыңға жуығы баспана кезегінде тұр. Үй-күйі жоқ отбасылардың баспана мәселесі жергілікті бюджет және жекеменшік әріптестік есебінен  шешілуде. Мәселен, мына «Бәйтерек» ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін 150 үй салынуда. Құрылысқа қажетті қаражаттың 450 миллион теңгесін  «Болат Өтемұратовтың қоры»  бөліп отыр. Қалған 250 миллион қала бюджетінен берілді. Барлық инженерлік-инфрақұрылым тартылған. Яғни, газ, су, жол, электр жарығы, кәріз құбыры дайын. Құрылыстың жалпы аумағы 9 гектар. 

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда қаласының әкімі:

Сапасы өте жақсы болады. Біз құрылысшылардың барлығын жинап, өтініш айттық. Көпбалалы отбасыларға арзан бағаға салып беріңіздер деп. Әр шаршы метрін 70 мың теңгеге салып отыр. Мұндай баға еш жерде жоқ.  

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу