Университет түлектерінің салтанатты шарасынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атлетика орталығының ашылу рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Университет түлектерінің салтанатты шарасынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атлетика орталығының ашылу рәсіміне қатысты

31.05.2019

 Төрт қабатты спорт орталығы оқу ордасының жанында орналасқан. Ішінде балалардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Кешеннің бес аспабы түгел. Ең кереметі - 19 мың шаршы метрді алып жатқан алып хауыз. Мұнда болашақта Олимпиада жүлдегерлері дайындалады. Бұдан бөлек ғимараттың жоғарғы қабаттарында жаттығу залдары, жекпе жек алаңдары және жаттықтырушылар мен төрешілердің арнайы бөлмелері орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаев жекпе-жек залында өтіп жатқан оқу-жаттығу ойындарын тамашалады.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу