«Тарихқа толы Тарбағатай» альманахының 4-ші басылымы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тарихқа толы Тарбағатай» альманахының 4-ші басылымы жарыққа шықты

10.10.2019

Алматыда «Туған жерге туыңды тік» атты ақындар айтысының жазба нұсқасы жарық көрді. Жинақта Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауылында үш жыл қатарынан өткізілген сөз бәйгесінің үздіктері енгізілген.

Елдің ықыласына бөленген үздік айтыстар енді жас ақындарға әдеби хрестоматиялық нұсқаулық ретінде ұсынылып отыр. 

Сонымен қатар, шара барысында «Тарихқа толы Тарбағатай» атты альманахтың да тұсаукесері өтті. Кітапта осы өңірдің қилы тарихына қатысты оқиғалар мен тарихи тұлғалар жайлы мәліметтер жинақталған. Салтанатты жиынға белгілі өнер мен мәдениет қайраткерлері және қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов қатысты. Ал, еңбегімен елге елеулі азаматтар «Тарбағатай тарланы» медалімен марапатталды.

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы:

«Тарихқа толы Тарбағатай» деген атпен бұрын үш кітап шыққан еді, соның, міне, төртіншісі жарық көрді. 

Алмат Әбдіраман

Хабарламаларға жазылу