Ақтөбе облысында кәсіпкер ауылына спорт алаңын салып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында кәсіпкер ауылына спорт алаңын салып берді

16.05.2019

Ақтөбе облысында кәсіпкер туған ауылына сый жасады. Ол жерлестеріне 5 миллион теңгеге спорт алаңын салып берді.

Хромтау ауданындағы 500-ден аса тұрғыны бар Көктебе елді мекенінде бұған дейін спорт алаңы болмаған. Ұзындығы - 42, ені 22 метр нысан талапқа сай жабдықталған.

Бүгін бұл жерде ауылдық округтар арасында футболдан турнир ұйымдастырылды. Жиналғандар ауыл түлегі Бауыржан Қалиевқа алғыстарын білдірді. Жергілікті билік өкілдері Көктөбеге енді хоккей алаңын салу жоспарланып отырғанын жеткізді. Шара аясында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Бауыржан Қалиев, кәсіпкер:

- Әр азамат өскен жеріне, туған жеріне қызмет жасағысы келеді ғой. Сондықтан елге бір шамалы болса да үлесімді қосайын деп, көмегімді тигізейін деп футбол алаңын аштық. Осы елдің азаматтарына рақмет, менің көмегімді әрі қарай жалғастырып, үлкен той жасап жатыр.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу