Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында бірнеше спорт нысаны салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында бірнеше спорт нысаны салынды

12.08.2021

Ауыл спортына қолдау бар. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында соңғы екі-үш жылдың өзінде бірнеше спорт нысаны салынды.

Қазір аудан орталығында өзге өңірлерде теңдесі жоқ футбол алаңының құрылысы жүріп жатыр. Одан бөлек Қарабұтақ аулында да оң өзгеріс байқалады. Мұнда да футбол мен хоккей корты қолданысқа берілген. Сондай-ақ,ауылдан шыққан кәсіпкер саябақты абаттандырып, жаттығу алаңын салып берді. Жастардың спортқа қызығушылығы жоғары.

Кеңшілік Байдрахманов, Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі:
Қойлыбаев Қайрат Әлібиұлының демеушілігімен салынған саябақ. Жалпы құны 20 млн теңге. Ішінде балалар ойын алаңы, футбол алаңы және жаттығу жасайтын алаң, теннис ойнайтын алаң, одан бөлек мерекелік шара өтетін сахына қойылған. Бұл саябақтың ішіне қазіргі таңда 1100-ден аса тал егілген.

 Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу