АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай тауарларына тарифті арттыратынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай тауарларына тарифті арттыратынын мәлімдеді

06.05.2019

Яғни, импорт салығы апта соңына қарай 10 пайыздан 25 пайызға дейін өсуі мүмкін. Сонымен қатар, Трамп Қытайдан келетін 325 миллиард доллардың қосымша тауарына 25 пайыздық тарифті енгізетінін ескертті.

Бұған дейін, Ақ үй басшысы Қытаймен сауда соғысын тоқтату туралы келіссөздердің сәтті жүріп жатқанын айтқан еді. Дегенмен, осы аптада Бейжің Вашингтонға өзінің сауда өкілін жіберуден бас тартты. Өйткені Қытай билігінің мәлімдеуінше, Трамптың қысымымен диалог жүргізу мүмкін емес.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу