АҚШ-Қытай сауда келіссөздері аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-Қытай сауда келіссөздері аяқталды

09.01.2019

Бейжіңде АҚШ-Қытай сауда келіссөздері аяқталды. Мұны бүгін Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лю Кан мәлімдеді. Дегенмен, дипломат екі держава арасындағы диалогтың мән-жайын жариялаған жоқ. Оның айтуынша, кездесу қорытындысы жайлы мәлімдеме кейін таратылады. Бұған дейін президент Дональд Трамп бетпе-бет жүздесудің «өте жақсы өтіп жатқанын» хабарлаған-ды.

Айта кетсек, өткен айда АҚШ пен Қытай бір-бірінің тауарларына тариф жариялауды 90 күнге доғаруға уағдаласып, сауда жанжалын тоқтату мәселесін талқылауға келіскен-ді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу