Мемлекеттік тендерге қатысатын құрылыс компанияларына талап күшейтілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік тендерге қатысатын құрылыс компанияларына талап күшейтілмек

20.04.2018

Елімізде мемлекеттік тендерге қатысатын құрылыс компанияларына талап күшейтілмек. Тиісті заңға өзгертулер енгізіледі. Енді қазына қаржысына нысан тұрғызатын компанияның кемінде 5 жылдың өтілі болуы керек, ал ірі құрылыс нысандарын тұрғызатындардікі 10 жыл болуы тиіс. Мамандардың білім деңгейі де тексеріледі.

Өйткені, қазір тендерге қатысып жатқан компаниялардың тең жартысы талапқа сай келмейді. Байқауда жеңіп алып, өзге мердігерлерді жалдағандарды да кездестіруге болады. Енді пейілін пенделікке жеңгізіп, қалтасын қалыңдатқысы келетіндерге тосқауыл қойылады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу