Энергия үнемдеудің тиімді әдісі
Айталық, Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауыты биылғы жылдан бастап қазандықтарды өндірістік газбен жылытуға көшіп жатыр. Соның нәтижесінде биылғы жылдың бес айында 15 миллион теңге қаржы үнемделген.
Күлділігі аса жоғары Екібастұз көмірі мен мазутты араластырып жағатын Ақсу ферроқорытпа зауыты биылдан бастап қазандықтарды газбен жылыта бастады.
Соның нәтижесінде 80 миллион теңге қаржы үнемдемек. Мәселен, бұрын өндіріске 9 мың тонна мазут қажет болса, енді 4 мың тонна артығымен жетеді.
Владимир Клименко, Ақсу ферроқорытпа зауытының Энергетикалық басқармасының басшысы:
Біз қазіргі күні Екібастұз көмірін бұрынғыдан 30 мың тоннаға үнемдеп жағатын боламыз. Бұл экологиялық тұрғыдан аса тиімді. Ауаға таралатын түтін азаяды.
Бұл зауыттағы жобалаушы инженерлердің бір жылғы еңбегінің нәтижесі. Қазандық трансформаторларын қайта жабдықтаудан кейін ауаға таралып жатқан миллиондаған гикокалория электр қуатын өндіріске пайдалану мүмкін болды.
Жанат Сләмов, №1 отын-энергетика учаскесінің операторы:
Бұрын далаға кетіп жатқан газды, мына қазандыққа пайдаланып, сол газды бетімен далаға кетірмей, мына қазандыққа келіп отыр.
Евгений Шайхин, цех басшысы:
Енді өнімнің өзіндік құны арзандайды. Бұл - бәсекелестікке төтеп берудің нақты нәтижелерінің бірі. Көмірді аз пайдалану арқылы 12 мың тонна күлді сыртқа шығару шығынынан құтылдық.
Өндірісті бүгінгі нарық талабына сай жаңғырту деген осы. Үнем болғандықтан өсім де бар. Биыл кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы өсті.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10