Көліктің нөмірі мен құжатын 2240 теңге төлеп, үйге тапсырыс беруге болады

15.10.2020

Автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен тіркеу куәлігін үйге жеткізіп беру қызметі ашылды. Egov.kz порталындағы жаңашылдық тұрғындардың бәріне қолжетімді. Ол үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайды көрсетіп,  қызметке 2240 теңге төлеу керек. Осыдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкері нөмір мен куәлікті үйіңізге әкеліп береді. Барлық шаралар 1 күнің ішінде жүзеге асады. Алғашқы аптада аталған қызмет түрін еліміз бойынша 12 адам пайдаланған.

Әди Оразов, электронды үкімет порталы басқармасының басшысы:
Бұл қызмет болашақта жалғасын табады. Сервис арқылы тек қана тіркеу нөмірі мен куәлік емес, басқа құжаттарды да жеткізуге мүмкін болады.

Дарын Сағитов

электронды үкімет порталы Egov.kz көлік нөмірі

Хабарламаларға жазылу