Екібастұзда көпбалалы аналарға баспана берілді

04.04.2019

Бүгін 4 отбасына бір бөлмелі пәтерлердің кілті табыс етілді. Шағын қалада 20-ға тарта отбасы баспанаға аса мұқтаж. Айналасы бір ай ішінде олардың 50 пайызы пәтермен қамтылмақ. Ол үшін жергілікті билік қараусыз қалған баспаналарды сот арқылы мемлекет меншігіне өткізіп, бастан-аяқ жөндеді. Сондай-ақ, көп ұзамай қалада 9 қабатты екі үйдің құрылысы басталады.

Нұрым Тоғайбекова, пәтер алған Назым Бажкееваның анасы:

- Менің қызым осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрды. 2 бөлмені жалдап тұрды. Бір бөлмелі болса да, өздеріне беріп отыр. Рақмет!

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу