Көктемгі егіс жұмыстары басталды

04.04.2019

Биыл өңірлерде 22 миллион гектар жерге егін егілмек. Егістікті әртараптандыруға байланысты бидай алқаптарының көлемі былтырғыдан анағұрлым азайып отыр. Оның орнына және қосымша тыңайған жерлерді игеру есебінен майлы, жарма, бұршақты, жемдік дақылдар сияқты сұранысқа ие егіс алқаптары айтарлықтай ұлғаяды. Шаруаны қолдау мақсатында жылдағыдай арзан жанар-жағар май қоры бар. Егіс жұмыстары үшін биыл 380 мың тонна дизель отыны бөлінген. Литрі - 160 теңге.

Сонымен қатар, субсидиялау бағдарламасына сәйкес 96 мың тонна минералдық тыңайтқыш бөлу көзделген. Оның 33 мың тоннасы бүгінде Түркістан облысына жеткізілді. Өңірде ұсақ шаруашылықтарды біріктірген 627 кооператив жұмыс істейді. Тұқым өндірумен 13 шаруашылық айналысады. Көктемгі егіс жұмыстарына 35 мыңдай ауыл шаруашылығы техникасы дайындалған.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу