Еліміздің үш өңірінде су тасқыны қаупі сейілмей тұр

04.04.2019

Жағдай бақылауда. Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер 20 сәуірге дейін қауіп жоғары болатындығын айтты. Тек сол мерзімнен кейін өзен-көлдер мен жерасты суларының деңгейі ақырындап төмендей бастайды.

Ал қазіргі таңда ел аумағындағы су тасқыны қаупі тікелей ауа райына байланысты болып тұр. Егерде жауын-шашын мөлшері көбейіп кетсе, онда жағдай нашарлауы мүмкін.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Су тасқыны болуы мүмкін өңірлер бар және оларды қазір бақылап отырмыз. Атап айтқанда, Қостанай облысының Ақжайық, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Тасқала, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласында, Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай, Алтай, Шамонаиха, Глубокое, Бесқарағай аудандарында су тасу қаупі жоғары.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу