Еліміздің 8 облысында қауіп сейілмей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 8 облысында қауіп сейілмей тұр

01.04.2024

Әлі бірқатар облыста су басу қаупі сейілмей тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі тасқынмен күресіп жатқан өңірлерді атады. Ақтөбе өңірінде облыс орталығынан бөлек, Мұғалжар, Ойыл, Қобда, Темір, Шалқар, Байғанин, Әйтекеби, Мәртөк аудандары, Қостанайда Арқалық қаласы, Жангелді, Амангелді аудандары, батыс Қазақстанда Теректі, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі аудандарында жағдай тұрақталмай тұр. Павлодар облысында Ақтоғай мен Успен аудандары, Қарағандыда Шет, Абайда Көкпекті аудандарында қауіп әлі бар. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола және Ұлытау облыстарында да тасқын сумен күрес жалғасып жатқанын айтты.

Жомарт Асқаров, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары:

Көлік қатынасынсыз қалған 52 елдімекеннің 5-і қалыпқа келтірілді. Қалыптасқан жағдай туралы азаматтарды хабардар ету тәулік бойы жүзеге асырылып жатыр. Зардап шеккендерге психологиялық және қажетті көмек көрсетілуде. Сенім телефондары жұмыс істейді. Азаматтардың әрбір щақыруына дереу жауап беріледі.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу