Солтүстікте облыстық маңыздағы жолдарды да су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікте облыстық маңыздағы жолдарды да су басуы мүмкін

26.03.2019

Биыл теріскейде облыстық маңыздағы жолдарды да су басуы мүмкін. Бұған қоса 90-нан астам елді мекенге су кіруі ықтимал. Осыған орай облыстық әкімдікте арнайы жиын өтіп, су тасқынына дайындық барысы пысықталды.  Күннің күрт жылынуынан соңғы күндері қар тез еріп, төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық қызметті әбігерге салды.

Жалпы, қазіргі күні өңірде қардың қалыңдығы шамамен 30-34 сантиметрге жеткен. Күніне 1,5-2 сантиметрге дейін ериді. Елді мекендерден 800 мың текше метрге дейін қар шығарылған. Алайда, кей аудандар әлі толық арылып үлгерген жоқ. Сондықтан, бұл жұмыстарды жеделдету тапсырылды.  Облыс бойынша 1400 адам мен 730 техника дайын, бірақ, қауіп төнген жағдайда ауыл шаруашылығы құрылымдары мен тұрғындар да жұмылдырылады. 

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

Бәріне дайын болуымыз керек. Әкімдер әр ауылды аралап, жағдаймен таныс болуы керек. Дайындық болса, қауіпті сейілте аламыз. Ал, немқұрайлы қарағандар жауапқа тартылады.  

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу