Елордада «Наурыз марафон» мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Наурыз марафон» мәресіне жетті

26.03.2019

Ұлыстың ұлы күні елордада «Наурыз марафон» өтті. Желаяқтар жарысына еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам адам қатысты. Спортшылар төрт қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Кәсіби атлеттер 21 шақырым қашықтықта жарысты.

Жарыс демеушілері жеңімпазға Стамбұлда өтетін марафонға жолдама сыйлады. Ал, екінші және үшінші орынды иемденген спортшылар Афиныда өтетін марафонға жолдаманы жеңіп алды. Әуесқой спортшылар 10 және 5 шақырым қашықтықта жарысты. Жарыстың ең жас қатысушылары 500 метр қашықтықта сынға түсті. Ұйымдастырушылардың айтуынша,осындай марафон өткізу арқылы қазақстандықтардың спортқа деген сүйіспеншілігін ояту көзделген.

 Жанна Баспақова, «Апельсин-тур» компаниясының директоры:

Наурыз құтты болсын! Марафон өте керемет өтіп жатыр. Спортшыларды әрдайым қолдаймыз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу