Елордада «Bayterek Winter Cup» би жарысы мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Bayterek Winter Cup» би жарысы мәресіне жетті

04.02.2019

Жарысқа әлемнің 15 елінен 400 биші қатысты. Ал, олардың өнерін бағалауға келген төрешілердің саны 20-дан астам. Қатысушылар арасында Әлем және Еуропа чемпиондары бар. Ал, екі күнге жалғасқан жарыста Астана қаласы әкімінің кубогін Арыстан Жаңбырбаев пен Диана Алдабергенова жеңіп алды. Халықаралық спорттық би санатында эстониялық Константин Городилов пен Доминика Бергманова кубокті иемденді. Олар Грецияда өтетін жарысқа жолдама алды. 

Марек Койнацки, жарыстың бас төрешісі:

- Ұйымдастырушыларды керемет жарысты өткізуімен құттықтаймын. Бұл Қазақстан үшін үлкен мәртебе. Жер бетінде дәл осындай деңгейде турнир өткізе алатын елдер кемде-кем.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу