Дзюдодан жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдодан жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды

25.02.2014
Дзюдодан жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталды
 
Таразда дзюдодан жастар арасында өткен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа еліміздің 16 өңірінен 500-ден астам спортшы жиналып бірнеше салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салған.
 
Тартысты бәсекеде 1994-1995 жылғы жас спортшылар бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Қызылорда спортшылары бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын астаналықтарға бұйырды. Үздік үштікті алматылықтар түйіндеді.
 
Жеңімпаздар наурыз айында Германияда өтетін халықаралық турнирде бақ сынайды.
 
 
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу