«Алтын сапаға» өзгерістер енгізілді
Тиісінше жүлде де үш номинация бойынша тапсырылады. Үміткерлер 9 талап бойынша бағаланады.
Тағы бір жаңалық, бұрын байқауға қатысқан кез келген кәсіпорын тек екі жылдан кейін ғана екінші рет қатысуға құқылы еді.
Енді тек төрт жылдан кейін ғана бақ сынайтын болады. Мамандар осы тәсіл арқылы кәсібін енді ғана дөңгелетіп келе жатқан шағын мекемелерге мүмкіндік бермек.
Естеріңізге сала кетейік, «Алтын сапа» 2001-2005 жылдары Үкімет деңгейінде ұйымдастырылды. 2006 жылдан бастап Президент жүлдесі болып өзгертілді.
Ақмарал Қабұлова, ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкері:
Жарлыққа толықтырулар енгізілді. Шағын және орта, ірі кәсіпорындар үш номинация бойынша қатысады. Сондай-ақ, олар эмблеманы 4 жыл бойы пайдалана алады.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04
Азия елдері кеңеске жиналады
14.10.2026, 20:03