Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
Қазақстанда креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті. Осы саладан мемлекет қазынасына жыл сайын 200 миллиард теңгеден астам салық түседі. Алайда шығармашылық бағытты дамыту үшін мемлекеттік қолдаумен қатар жеке инвестицияны да көбейту қажет. Құрылтай отырысында депутат сауалына жауап берген Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Арман Қырықбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
Мысалы, киноиндустрия саласын алып қарайтын болсақ, бұл да креативті экономикаға жатады. Мемлекет жыл сайын 5 млрд теңге киноиндустрия саласына қаржы бөліп отыр. Ал жалпы бұл киноиндустрия саласының нарық көлемі мамандардың пікірінше, 45-50 млрд теңгеден астам. Жыл сайын біздің жеке кәсіпкерлер 20 млрд теңгеден астам өз ақшаларын осы кино саласына бөліп келе жатыр. Біздің мақсатымыз - осы қолда бар әлеуетті еселеу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы