Премьер-Министр Асқар Мамин Astana Hub-қа барды
Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин Astana Hub-қа арнайы барып, стартаптар халықаралық технопаркін аралады. Бірқатар жобалармен танысты. Сондай-ақ, цифрландыруды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бүгінгі таңда Astana Hub қатысушыларына жеңілдетілген салық режимі қарастырылған.
Ал шетелдіктер үшін виза алудың тәртібі оңай. Осының арқасында технопаркте 150 стартап жоба жүзеге асып жатыр. Яғни, 500-ден астам кәсіпкер өз істерін дамытуға қолайлы мүмкіндік алды.
Үкімет басшысы бірқатар министрліктерге алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды енгізуді одан әрі жалғастыруды, кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен стартап жобаларды дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06