Су тасқынына байланысты көліктердің ауыр жүк тасымалдауына шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынына байланысты көліктердің ауыр жүк тасымалдауына шектеу қойылды

13.03.2019

Павлодар облысы аумағында автокөліктер арқылы тасымалданатын жүктің салмағына уақытша шектеу қойылды. Бұл - көктемгі су тасқынына байланысты қолға алынған шара. Яғни, мамыр айының 1-іне дейін жалғасады. Ал, шетелдік тасымалдаушыларға еш кедергі жоқ. Нақтыланған халықаралық норма бойынша жүре береді.

Айта кету керек, қар көбесі сөгіліп, су жайылған уақытта асфальт жамылғысы ылғалданады. Осы уақытта тіркемесі бар ауыр жүк көліктері жолдардың сапасына айтарлықтай нұсқан келтіруі мүмкін. Павлодар тоғыз жолдың торабында тұрған транзиттік аймақ болғандықтан, республикалық маңызы бар жолдарда бақылау күшейтіледі.

Қуаныш Ермұханов, Көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы:

- Бұл шектеу кезінде жүк автокөліктерінің дара білігіне түсетін салмақ 8 тоннадан аспауы керек. Қос білікке түсетін жүктеме 13,2 тоннадан аспауы керек.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу