Әлеуметтік сақтандыру қорының төлемдері артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік сақтандыру қорының төлемдері артады

12.03.2019

Жүктілік және босану бойынша  әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер артады. Сондай-ақ, енді жұмысынан айырылған азаматтар 4 ай емес 6 айға дейін мемлекеттен жәрдемақы алуына жағдай жасалмақ.

Мәжіліс қабырғасында міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша жаңа заң жобасы таныстырылды. Дәл қазір бізбен әріптесім Шерхан Жамбылұлы тікелей байланысқа шығуға дайын тұр. Сөз кезегі өзіңде.

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Жаңа ғана Парламент қабырғасында жаңа заң жобасының таныстырылымы өтті. Оны ҚР Еңбек және халдықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова таныстырды. Ол бойынша осы әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін төлемдердің көлемі біраз артпақ.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біріншіден, жұмыс істеген мерзіміне және алатын жалақысына байланысты. Егер сіз 5 жылдан артық жұмыс істесеңіз, жалақыңыз көп болса, алатын төлемдеріңізді пропорционалды түрде көбейтесіз.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Асыраушысынан айырылған жағдайда, еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдері 30 пайызға дейін артады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу