Алматыда медицинаға бөлінетін қаражат көлемі артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда медицинаға бөлінетін қаражат көлемі артады

31.10.2019

Алматыда медицинаға бөлінетін қаржы 1,5 есе артады. Баспасөз жиынында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері осыны жеткізді.

Биыл қалада тегін медициналық көмекке бюджеттен 116,8 миллиард теңге бөлінген. Ал 2020 жылы 160,4 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. «Қаржының көбеюіне медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі себеп», - дейді мамандар. 

Қазір қорға 222,3 миллиард теңге жиналған. Жаңа жүйенің нормативтік-құқықтық базасы жасалып, үш деңгейлі көмек жүйесі бекітілген. 

Айта кетейік, медициналық сақтандыру келер жылы 1 қаңтардан бастап толыққанды іске қосылады. Бастапқы үш айда медициналық қызметтерді әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық азамат бірдей пайдалана алады.

Тілеухан Әбілдаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы филиалының директоры:

Алғашқы медициналық санитарлық көмек ол мынау мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық пакеттің аясында көрсетіледі. Содан кейін жоспарлы медициналық көмектің станционарларда емделетін түрі болады. Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз, бұл көмектерді жоспарлы түрде ала алмайсыз.

Аманкелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу