Елжан Біртанов: Медициналық сақтандырудан халыққа келер негізгі пайда -қызметтер сапасының артуы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртанов: Медициналық сақтандырудан халыққа келер негізгі пайда -қызметтер сапасының артуы (ВИДЕО)

26.06.2017

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа пайдалы тұсы қандай? Денсаулық саласында қордаланған мәселелердің түйінін осы жоба арқылы шеше аламыз ба?   Бүгінгі «Басты тақырыпта» қонақта ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов алдымен осы медициналық сақтандырудың не екенін түсіндіріп берді.

«Қазіргі таңда еліміздегі маңызды мәселелердің бірі осы болып тұр. Медициналық сақтандыру жүйесіне елдің барлық азаматтары атсалысуы керек. Жүйе үш санатқа бөлінеді: жұмысшылар, жұмыс істемейтін мемлекет тарапынан сақтандырылатын азаматтар (балалар, аналар, зейнеткерлер және т.б.) және жеке кәсіпкерлер.

Бұдан халыққа келер ең негізгі пайда – медициналық қызметтердің сапасы. Бұдан емханалардың жауапкершілігі артады деп сенеміз. Себебі, келер жылдан бастап әрбір медициналық мекеме сақтандыру қорымен келісім шартқа отыруы керек. Сақтандыру қорының әр азаматтың алдында жауапкершілігі бар. Сондықтан, оның медициналық қызметті тексеруге, бақылауға құқығы болады. Екінші артықшылық – қолжетімділігі»,-дейді министр.

 

Хабарламаларға жазылу