60-тан астам теміржол вокзалы жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

60-тан астам теміржол вокзалы жөнделеді

01.03.2019

Биыл 60-тан астам теміржол вокзалы жөндеуден өтіп, 120 станциядағы пандустар бекітілген талаптарға сәйкестендіріледі. Бұл туралы «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамының өкілдері хабарлады.

Қазір Шымкент қаласындағы теміржол станциясын қайта жөндеу жұмыстары басталған. Былтыр да 70-ке жуық станцияда ағымдағы жөндеу жұмыстары өтіп, Астананың ескі теміржол вокзалындағы эскалаторлардың барлығы жаңартылған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу