Жапонияда қатты боран соғып, 8 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда қатты боран соғып, 8 адам қаза тапты

23.12.2022

Жапонияның солтүстігі мен батысында алапат боран соғып, 8 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын жараланған. Осыған орай, елдің метеорологиялық қызметі миллиондаған адамға сақ болуды ескертіп, аса қажет емес жағдайда жолға шықпауға кеңес берді. Және де көлік апаты көбейіп, талай үй жарықсыз қалуы мүмкін.

«NHK» телекомпаниясының хабарлауынша, Хоккайдо аралына түскен қардың қалыңдығы 1 метр 60 сантиметрге жеткен. Сондықтан осы аймақтың астанасы Саппоро қаласының теміржол вокзалы пойыздарды сапарға аттандыруды уақытша доғаратынын жариялады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу