Шымкентте теміржол вокзалы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте теміржол вокзалы өртенді

21.01.2020
Шымкентте теміржол вокзалы өртенді

Шымкентте теміржол вокзалынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

«21 қаңтар күні сағат 02:07 кезінде өртке қарсы қызмет пультына Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының екіқабатты ғимаратынан өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғанындай, ғимараттың бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде жиһаздар мен қағаз қораптар өртеніп, тілсіз жау 6 шаршы метрге жайылған», - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды бірер минуттың ішінде ауыздықтаған. Құтқарушылар келмей тұрып, ғимараттан 30 шақты адам сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 52 адам мен 12 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. 

Полиция қызметкерлері өртті сөндіру барысында вокзал аумағын қоршап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Хабарламаларға жазылу