БҚО-да құтқарушылар ауырып қалған бес айлық баланы ауруханаға жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да құтқарушылар ауырып қалған бес айлық баланы ауруханаға жеткізді

22.02.2019

Батыс Қазақстанда құтқарушылар қар құрсауында қалған ауылдан бес айлық баланы ауруханаға жеткізді. Бәйтерек ауданы Шалғай ауылында сәбидің ауырып жатқаны жөнінде хабар түскен. Аудан орталығынан 41 шақырым қашықтықтағы ауылмен екі ортадағы жолды қар басып, қатынас үзілген. Құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен дереу ауылға аттанып, науқас сәбиді аудан орталығына жеткізді. Қазір бала дәрігерлер бақылауында. «Өткір бронхит» диагнозымен ем алып жатыр.

Жалпы, жыл басынан бері өңірде қар құрсауынан 903​ адам құтқарылып, 405​ техника шығарылды. Ауа райының қолайсыздығы жайлы 12 дауылды ескерту жарияланды. Боран мен бұрқасын, қалың қар, көктайғақ салдарынан 72 рет жол жабылды.

Николай Сломихин, Бәйтерек аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері:

- Шалғай ауылында бес айлық бала ауырып, Переметныйдың больницасына жеткізе алмаған. Машинамен шалғайға барып, баланы ауруханаға әкелдік. Жолда қар болғасын, басқа техника өте алмаған, біздің отрядтың техникасы өтті.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу