Батыс Қазақстанда полицей науқастанған жүкті әйелді құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда полицей науқастанған жүкті әйелді құтқарып қалды

08.02.2022

Батыс Қазақстанда полицей пойызда ауырып қалған аяғы ауыр әйелді құтқарып қалды. Оқиға Ақсай станциясынан 4 шақырым қашықта, «Орал-Алматы» пойызында болған. Сегіз айлық жүктілігі бар 38 жастағы келіншек кенеттен ауырып, қан кеткен. Пойыз шұғыл тоқтатылып, «жедел жәрдем» шақыртылған. Бірақ станциядан қашық, айдалада тұрғандықтан, дәрігерлер ол жерге бара алмаған. Сол кезде оқиға орнына бірінші боп жеткен желілік полиция бөлімінің бастығы Мұқатай Аяпов әйелді көтеріп алып, күртік қардан өтіп, көлігімен ауруханаға жеткізген. Келіншекке кесір тілігі жасалып, аман-есен қыз бала дүниеге келді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу