ШҚО-да құтқарушылар науқасты ауруханаға арнайы техникамен жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да құтқарушылар науқасты ауруханаға арнайы техникамен жеткізді

11.01.2023

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар Зайсан ауданы Айнабұлақ округінде ауыр науқасқа шұғыл көмек көрсетті. Шағын қыстаққа баратын жолды қалың қар басқандықтан,  Зайсан аудандық №25 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері екі дәргерді «КУНГ» автокөлігінің өзімен әрең жеткізген.

Қыстаққа әупірімдеп жеткен соң, науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан соң құтқарушылар дәрігерлермен бірге қыстақ тұрғынын аудандық ауруханға жеткізді.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу