Ел үшін елжіреген еріктілер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел үшін елжіреген еріктілер

21.02.2019

Міне, осындай бассыздық пен жауапсыздық салдарынан құдыққа түсіп кетіп, мерт болған Бақдәулет Өмірхан ертең туған жері Таразда жерленеді. Ал оны іздестіруге бар күш-жігерін салған еріктілер тобы бүгін елордада Бақдәулетті тағы бір еске алды. Олар оның қазасына себеп болған сол құдық жанына жиналып, Бақдәулеттің құрметіне гүл мен ойыншықтар қойды.

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» деп Қасым Аманжол айтпақшы, біз де бұл жолы кейіпкерлерімізге осындай мүмкіндік берейік дедік. Ендеше, ел басына күн туса, сәби-қария жоғалса, ерік-жігерін танытып, мейірімін төгіп, жаны жаралыны жұбатып, дер кезінде демеу көрсетуге дайын тұратын еріктілерге сөз берейік.

Элеонора Бекетова, ерікті:

Өткен жылдың ақпан айынан 1380 адам жоғалды. Оның ішінде әлі іздеуде жүрген 664 адам. Біздің республика бойынша. Ішінде тірідей табылған ересектер – 482. Қайтыс болған балалар – 11. Жақындарын таба алмағандар – 70. Бір жыл ішінде 500 баладай іздестірдік. Көбінесе, қайтып келген балалар. 2-3 сағат жоғалып кетеді. Бірақ ата-аналар дұрыс істейді, бірден іздей бастайды.

Біз 2015 жылы жинала бастадық. Элина Кульдина жоғалған кезде. Содан бастап жиналып, қазір біздің топта 120 шақты адам бар. Ал Қазақстан бойынша мыңнан астам, 1200-дей және басқа мемлекеттерде де бар көмекшілеріміз, еріктілеріміз. Біз тек рақмет үшін жұмыс істейміз. Кейбіреулері сенбейді, сіз қанша аласыз сағатына деп сұрайды.

Бәріміз де адамбыз ғой. Әрбіріміздің басымыздан өтуі мүмкін. Алла сақтасын, әрине. Бақдәулетті іздегенде 300-ден астам адам болды. Еріктілер өздері  «біз де келеміз», деп Көкшетау, Өскемен, Семейден келеді. Өскемен жақын емес қой мысалы,  сонда да келеміз, дейді. Тағы іздеулер болса, осылай қосылады адамдар. Біз барлық интернет желілерінде бармыз.

Бақытбек Бидахметов, ерікті:

Олар - жүректері нәзік, адам сүйетін қасиеті мол.  Екі күн таңға дейін іздеп, белуардан қар кешіп. Мен жалғыз емес, осы бүкіл еріктілер таңға дейін жүрдік. Өз көзіммен көріп, қалай жазбасқа деп ойладым да, бұл өлеңді таңғы 5-те шығардым.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу