Еріктілер EXPO-2017 көрмесіне дайындықты бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еріктілер EXPO-2017 көрмесіне дайындықты бастады

02.04.2014
Еріктілер EXPO-2017 көрмесіне дайындықты бастады
EXPO-2017 халықаралық көрмесіне еріктілер дайындығы басталып кетті. Бүгіннен бастап олар флешмоб, спорттық сайыстар, және 9-мамыр мерекесіне орай түрлі жұмыстар ұйымдастырады.
 
Астана қаласында 300-ден аса ардагер бар. Оларға көмек қолын созып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау да еріктілердің міндетіне кіреді. Қазір олардың саны 100-ден асты. Еріктілер ұжымына кіремін, дегендерге жол ашық. Оларға қойылатын талап - тіл білу. Ең бастысы,  адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу.
 
Бұл жұмыстар 2017 жылы көрме аяқталғанша жүргізілетін болады.
 
Жақып Алмасбек,«Ел Қанаты» ҚҚ президенті:
Еріктілер алдымен алдағы 3-4 айға жоспарланған шараларға дайындалады. Біз сияқты көптеген ұйымдар бар. Бәріміз бірігіп, көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысамыз.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу