Оның тең жартысы Ресейден келген азық. Қытай, Түркия, Беларусь, Украина, Қырғызстаннан да талапқа сай келмейтін тауарлар еніп кеткен.
«Қазақстандық тамақ өнімдерінен де кемшіліктер табылды», - дейді Бас санитар. Түрлі қоспалар көбіне тауық етінен, шұжық, балық, сүт өнімдерінен анықталған. Мұнан басқа 235 келідей қауіпті ойыншықтар тіркеліпті. Оның барлығы дүкен, базарлардан шығарылды. Алайда, бұл өнімдер сатылымда ұзақ жүріп қалады. Себебі егер бір заттан кінарат тапқан жағдайда, еліміздің санитарлары ол жерге дәл сол сәтте тексеріске бара алмайды. Заң бойынша олар құзырлы органдардан рұқсат алу керек. Ал, ол жұмыс жүйесі ұзақ уақыт жүреді. Сол себепті, алдағы уақытта күмәнді тауарлардың тізімі жарияланған реестр пайда болады. Сол сайтқа кіріп, қай азық-түліктен бас тарту керек екенін біліп отырасыз.
Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитар дәрігері:
- Бас прокуратураның ішінде құқықтық статистика бар. Өкінішке қарай, бізге тексеріске рұқсат бермейді. Мұны кәсіпкерлерді қорғау шарасы деуге болады.
Жалпы, өткен жылы еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болған. Туберкулез, бруцеллез, тері аурулары, тұмау бойынша көрсеткіш төмендеді. Оған тұрғындардың екпеге деген оң көзқарастарының артуы себеп. Биыл қызылша жұқпалы ауруы ерекше өршіп кетті. Сол себепті алдағы уақытта 20 мен 30 жас аралығындағы жастарға вакцинация жүргізілмек.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.