Екі мыңға жуық адам уланып қалды

09.01.2014
Екі мыңға жуық адам уланып қалды
Жапонияда 2 мыңға жуық адам мұздатылған тағамдардан уланып қалды. Олардың барлығы соңғы күндері жергілікті ірі компанияның жартылай дайын тағамдарын тұтынған.
 
Желтоқсан айының соңында өндіруші 6,5 миллион қорап азық-түлігін дүкен сөрелерінен алуға мәжбүр болды. Сатып алушылар аталған компанияның өнімдерінен бензин иісі шығатынына шағымданған болатын.
 
Кәсіпорынға тексеру жүргізу барысында азық-түліктерге ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресте қолданылатын карбофос деген заттың қосылғаны белгілі болды. Қазір құқық қорғау органдары кәсіпорында улы қоспаның қалай пайда болғанына тексеру жүргізіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу