Қостанайда бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар табылды

12.02.2020
Қостанайда бала денсаулығына қауіпті ойыншықтар табылды

Облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері қауіпті ойыншықтарды анықтап, дүкен сөрелерінен алып тастады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, өңірде балалар ойыншықтары үнемі тексеруден өтіп тұрады. Өткен жылы аумақтық басқармалардың мамандары 167 ойыншық сынамасын іріктеп алған, оның 67-сі техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген. 

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент бойынша, дайындаушы немесе өнім беруші тарап сатып алушыны ойыншық туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс. Тиісінше, тұтынушы ойыншықтың құрамы, қасиеттері, сақтау, пайдалану шарттары, жарамдылық мерзімі, салмағы, қауіпсіздігі сияқты мәліметтерді білуі қажет. Бүгінде талаптарға сәйкес келмейтін ойыншықтардың 80% -ы Қытайда өндірілген, қалған 20%-ы Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінен келген ойыншықтар. Атап айтқанда, Қытайдан әкелінген «Барби Beauty» және «L.O.L. Fruit doll», «Racing Super» ойыншықтары токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Бұлар баланың денсаулығына қауіпті саналады. Аталмыш ойыншықтар дүкен сөрелерінен алынып тасталды», - деді департамент басшысы Рагуль Таженова. 

2019 жылы талаптарға сәйкес келмейтін ойыншықтарды сатқан жауапты тұлғаларға 314061 теңге сомасына 6 айыппұл салынды.

inform.kz


Хабарламаларға жазылу