Қоғамдық кеңестер мәслихаттардың көшірмесіне айнала бастады. Сондықтан, олардың құрамын өзгерту керек. Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев елордада өтіп жатқан қоғамдық кеңестердің 2-ші республикалық мәжілісінде осылай деді. 2016 жылы «100 нақты қадам» ұлттық жоспары аясында құрылған бұл кеңестердің басты мақсаты - халықтың сөзін билікке жеткізу еді. Нәтиже жоқ емес. қоғамдық кеңестердің арласуының арқасында «ең жабық» саналатын құқыққорғау органдары ашықтық қағидасына бет бұра бастады. Бүгіндері ел бойынша 229 қоғамдық кеңес болса, оның 16-ы - ресбуликалық, 213-і - облыстық деңгейдегі ұйымдар. Алайда, аты «қоғамдық» болғанымен, құрамында мемлекеттік мекемелердің өкілдері басым. Қазір үкіметтік емес ұйымдардың үлесі 35 пайызды ғана құрап отыр. Сондықтан, биылғы мәжілістің мақсаттарының бірі – кеңестерге қоғам белсенділерін және жастарды көбірек тарту, сондай-ақ, ықпалын арттыру. Қазір «Қоғамдық кеңес» туралы заң жобасын Мәжіліс қарастырып жатыр. Бұл құжат осы міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс.
Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:
- Нақты тұжырымдама мен көзқарастарды жан-жақтан жинап, бір ыңғайлы тұжырымдамаға келген сияқтымыз. Алайда, қоғамдық кеңестер саяси шешімдерді қабылдаудың институтына айналуы үшін қоғам өз ішінде, Жергілікті Жерлерде Ұсыныстарға Аса Мән Беріп Отыруы Керек.
Дәурен Бабамұратов, қоғамдық кеңес мүшесі:
- Осы 3 жыл ішінде қоғамдық кеңестердің тарапынан ондаған, жүздеген, мыңдаған ұсыныстар берілді. Бүкіл республика үшін жауап бере алмаймын. Бірақ Алматы қаласының қоғамдық кеңесі, мәселен, ІІМ болып жатқан реформаларға қатысты біз берген ұсыныстардың 90 пайызы өткен болатын.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.