Еліміз тұңғыш рет зығыр өндіруден әлемде бірінші орынға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз тұңғыш рет зығыр өндіруден әлемде бірінші орынға шықты

08.02.2019

Майлы дақылдың 930 мың тоннасы жиналған. Негізі, өсімдік майынан баюға болады. Сондықтан, агро саланың осы бағытына соңғы уақытта мән берілуде. Ал, ет экспорты жылдан-жылға артуда. Биылдың өзінде 30 мың тонна сиыр еті шетел асырылмақ. Енді кәсіпкерлер Қытай нарығына шығуға қолдау сұрап отыр. Егер ол мүмкін болса, жылына 1 млрд. дана жұмыртқа өткізетін фабрика да дайын тұр. Құс өнімінен бөлек, өзге де өтімді тауарлар бар.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Бізде шошқа шаруашылығында үлкен потенциал бар. Олар субсидия сұрап жатқан жоқ. Бізге бір ғана бізге Қытайдың нарығын ашып берсеңіздер.

Жалпы, агро сала 10 бағытта дамытылады. Бірақ ол ғылымсыз оңалмайды. Сол себепті, Ақмола, Алматы облыстарындағы үш ғылыми-өндірістік кешен білім бөлу орталығы қызметін атқарады. Яғни, сондағы әлемдік ізденістер, өзге өңірлерге таратылады. Сондай-ақ, 2021 жылға қарай, елімізде 2000 ферма цифрландырылады. Жоспардың жүйелі жүргізілуі үшін жемісті білім берілуі тиіс. Демек, жоғары оқу орындарына да талап күшейтіледі. «Енді университетті бәрі бірдей емес, тек білімді студенттер бітіріп шығуы тиіс», - деді сала министрі.        

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу