Әлем бойынша Қытай экономикасы бірінші орынға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем бойынша Қытай экономикасы бірінші орынға шықты

10.10.2014
Әлем бойынша Қытай экономикасы бірінші орынға шықты

Қытай экономикасының дамуы жағынан Американы басып озып, дүниежүзі бойынша бірінші орынға шықты. Бұл туралы «Файнаншл таймс» газеті жазды.

Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша ішкі жалпы өнім Қытай халық республикасында 17,6 триллион доллар болған. АҚШ-тың көрсеткіші – 17,4 триллион.

Осы жылы Қытай ресми түрде дүниежүзіндегі ең алып экономикалы ел болмақ. Әлемдік нарықта біршама өзгеріс те бар. Енді экономикасы озық 20 елдің тең жартысы дамушы елдер. Тіпті, әлемде жаңа «Үлкен сегіздік» пайда болды десе де болады. Бразилия, Үндістан, Индонезия, Қытай, Мексика, Ресей мен Түркияның сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есептелген ішкі жалпы өнімі – 37,8 триллион доллар. 

Хабарламаларға жазылу