«Балдәурен» балалар лагерінде оқушылардың «Зерде» байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балдәурен» балалар лагерінде оқушылардың «Зерде» байқауы басталды

31.01.2019

500-ден астам жас зерттеуші, 400-ге жуық ғылыми жоба. Бүгін «Бурабай» демалыс аймағындағы «Балдәурен» балалар лагерінде оқушылардың «Зерде» байқауы басталды. Жастар арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың ең беделді байқауын «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы биыл 14 рет ұйымдастырып отыр. Биылғы шараның бір ерекшелігі - байқау Жастар жылы аясында өтуде.

Биыл «Зерде» байқауына бұрынғыдан әлдеқайда көп қатысушы келді. Бастапқы кезеңде 26 мың оқушыдан 18 мың жоба түскен. Республикалық байқауға 530 бала іріктеп алынды.

Шолпан Қирабаева, ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО директоры:

- Әдебиет, медицина, IT технология салалары бойынша 14 облыстан балалар келіп отыр.

Зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар әдебиет, математика, физика, информатика, тарих, экология, медицина секілді 8 тақырыпты қамтиды.

Айтөре Қамзахан, оқушы:

- Біздің жобамыздың аты «Робот арба». Ол Күннен қуат алады, «жасыл» энергияға негізделіп жасалған. Біз көшелердегі жаяу жүргіншілерге арналған жолақшаларды ұсынамыз. Мүмкіндігі шектеулі адамдар батырманы басу арқылы өзі баратын мекемені таңдайды.

Арнұр Амангелді, оқушы:

- Жобамның тақырыбы еркек гүл мен әйел гүлді будандастыру арқылы отбасы гүлін өсіру. Мұны мен үсіріп алмай әкелгенім әкем 2 гүлге арнайы пенопластан жәшік жасап берді.

Үздіктерді белді жоғары оқу орындарының профессорлық құрамынан жасақталған білікті мамандар анықтайды. 14 жылдық тарихы бар байқаудың бұрынғы жеңімпаздары қазір белді оқу орындарында үлкен ғылыммен айналысып жүр.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу