Павлодарда оқушылар жайлауда демалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда оқушылар жайлауда демалуда

19.07.2015
Павлодарда оқушылар жайлауда демалуда

Павлодар облысы, Ертіс ауданының 21 оқушысы Бұланбай ауылындағы «Балдәурен» жазғы лагерінде демалуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Балалар күндізгі уақытты мектепте өткізумен қатар жайлауда тынығады. Сондай-ақ, білім ордасының ауласында шомылуға арналған бассейн де бар.

Демалыс кезінде жайлауда киіз үй тігіліп, бие байланып, балаларға шаруашылық есебінен тегін қымыз беріледі. Мұнда демалушыларға қымыздың жасалу тәртібі, қазақтың ер тұрманы, ат сайманы, жүген, ноқта, шылбыр, тұсамыс, өре, шідер  жасаудың әдіс-тәсілдері көрсетіледі.

Еске сала кетейік, биылғы жазғы маусымда өңірдегі үш мыңнан астам мектеп оқушысы киіз үйлерде демалуда. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 1 миллион теңге және демеушілердің есебінен 600 мың теңге қаражат бөлінген.

 

Хабарламаларға жазылу